"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 491 қаулысына (2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 3505 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсандағы "Тайынша таңы", 2015 жылғы 25 желтоқсандағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) келесі мазмұндағы өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 2), 3) тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы балалар үйлерінің тәрбиенушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;";
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі |
Е. Иманслям |