1."2015 жылға арналған Тимирязев ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3274 болып тіркелген, аудандық "Көтерілген тың" газетінде 2015 жылғы 27 маусымда аудандық "Нива" газетінде 2015 жылғы 27 маусымда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулымен бекітілген 2015 жылға арналған Тимирязев ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес жаңа редкацияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |