2015 жылға арналған Тимирязев ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 121 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 маусымда N 3274 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1)-тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Базарханов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 121 қаулысымен бекітілген

2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 16.09.2015 N 193 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны
Балабақша
толық күнге болу
толық емес күнге болу
бөбекжай топтар толық
мектепке дейінгі топтар толық емес
1
Тимирязев ауданы
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын
 
 
 
 
 
 
120
 
 
120
 
 
 
350
 
 
 
 
 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында айына жан басылық қаржыландыру мөлшері (теңге)
Балабақша
толық күнге болу
толық емес күнге болу
бөбекжай топтар толық
мектепке дейінгі топтар толық емес
24662
11992
14669
 
 
 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналар төлемінің айлық мөлшері (теңге)
Балабақша
толық күнге болу
толық емес күнге болу
бөбекжай топтар толық
мектепке дейінгі топтар толық емес
 
5250
4830
4830
 
 
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады