"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тимирязев аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 наурызда № 2618 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2014 жылғы 18 сәуірде "Нива" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХХХIV сессиясының төрағасы |
Б. Дүйсембаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Мұстафин |