"Тимирязев аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 44/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда N 3591 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 5/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 30.09.2016 № 5/5 шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тимирязев аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 наурызда № 2618 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2014 жылғы 18 сәуірде "Нива" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
       көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХХХХIV сессиясының
төрағасы
Б. Дүйсембаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады