1. Мыналар:
1) осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
2) осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес 2015 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ. И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2015 жылғы 7 шілде |
А. Мамытбеков |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 204 қаулысына 1–қосымша |
2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 204 қаулысына 2-қосымша |