2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар–жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық–материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 204 қаулысы. Атырау облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 09 шілдеде № 3246 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 27–бабы 1–тармағының 5) тармақшасына, 37-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық–материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5 тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
      2) осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес 2015 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ. И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2015 жылғы 7 шілде
А. Мамытбеков

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 204 қаулысына 1–қосымша

2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

№р/с
Басым дақылдардың атауы
1
Картоп
2
Көкөніс дақылдары
3
Бақша дақылдары
4
Қорғалған топырақтағы көкөністер
5
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
6
Бір жылдық мал азықтық шөптер
7
Сүрлемдік жүгері
8
Мал азықтық тамыр жемістілер

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 204 қаулысына 2-қосымша

2015 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

Аудандардың атауы
Картоп (дәстүрлі суару тәсілі)
Картоп (тамшылатып суару тәсілі
Көкөніс-бақша дақылдары (дәстүрлі суару тәсілі)
Көкөніс-бақша дақылдары (тамшылатып суару тәсілі
Қорғалған топырақта өнеркәсіптік жылы-жайларда өсірілетін көкөністер (2 дақыл-айналым)
Қорғалған топырақта Фермерлік жылы-жайларда өсірілетін көкөністер (2 дақыл-айналым)
Атырау қаласы
30 000
70 000
20 000
60 000
5 000 000
3 000 000
Жылыой
 
 
20 000
 
5 000 000
 
Индер
30 000
70 000
20 000
60 000
5 000 000
3 000 000
Исатай
 
 
20 000
 
 
 
Құрманғазы
30 000
70 000
20 000
60 000
 
3 000 000
Қызылқоға
30 000
 
20 000
 
 
3 000 000
Махамбет
30 000
70 000
20 000
60 000
 
3 000 000

      

Аудандардың атауы
Бірінші жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
Екінші және үшінші өсу жылындағы бұршақ тұқымдас шөптер
Бір жылдық мал азықтық шөптер
Сүрлемдік жүгері
Мал азықтық тамыр жемістер
Атырау қаласы
45 000
4 000
5 000
 
 
Жылыой
 
 
 
 
 
Индер
45 000
4 000
 
 
 
Исатай
 
 
 
 
 
Құрманғазы
 
 
 
 
 
Қызылқоға
 
 
 
 
 
Махамбет
45 000
4 000
5 000
25 000
10 000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады