2015 жылға жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 227 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 қыркүйекте № 3284 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 37-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-1/168 "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормалары бекітілсін.
      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И.Дүйсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________А. Мамытбеков
2015 жылғы "24" шілде

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" шілдедегі № 227 қаулысына қосымша

2015 жылға жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормалары

      


Об утверждении норм субсидий на частичное возмещение стоимости затрат на закладку и выращивание многолетних насаждений плодово-ягодных культур на 2015 год

Постановление акимата Атырауской области от 24 июля 2015 года № 227. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 01 сентября 2015 года № 3284

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 27, статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 Правил субсидирования стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года №4-1/168 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить нормы субсидий на частичное возмещение стоимости затрат на закладку и выращивание многолетних насаждений плодово-ягодных культур на 2015 год согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Атырауской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Дюсембаева Г.И. - первого заместителя акима Атырауской области.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области Б. Измухамбетов
      "СОГЛАСОВАНО"
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
____________ А. Мамытбеков
"24" июля 2015 год

  Приложение к постановлению
акимата Атырауской области от
"24" июля 2015 г № 227

Нормы субсидий на частичное возмещение стоимости затрат на закладку и выращивание многолетних насаждений плодово-ягодных культур на 2015 год