Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11151 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 9 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 21 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шарушылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-1/168 бұйрығымен
бекітілген

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2017 № 33 бұйрығымен.

      1. Осы Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау (40 %-ға дейін) тәртібін айқындайды.

      2. Субсидиялар агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі – АӨК субъектілері) осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен бөлінеді.

      3. Субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі – АӨК субъектісі) айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссияның құрамына:

      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының немесе бөлімдерінің қызметкерлері;

      2) ауылдық округ әкімі;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері;

      4) салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің тізбесі (бұдан әрі – Дақылдар тізбесі) және жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттеуі бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін, әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелерін қоса бере отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қарауға беріледі.

      Министрлікпен Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормаларын қарастыру хат түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнді құрайды.

      Дақылдар тізбесінде тиісті салалық мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дақылдарды субсидиялау басымдығы айқындалады.

      Министрлік оң нәтиже болған жағдайда, тиісті ілеспе хатпен Дақылдар тізбесінің және субсидиялар нормаларының бір данасын кері қайтарады.

      Министрлік теріс нәтиже болған жағдайда, келісуден дәлелді бас тартуы бар хатпен Дақылдар тізбесінің және субсидиялар нормаларының екі данасын да қайтарады. Бұл ретте, пысықталған Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары Министрлікке бес жұмыс күн ішінде қайта қарауға жолданады.

      Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары тиісті жылдың 1 мамырынан кешіктірілмей облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттері тізбесіне және субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидалар қарқынды алма бақтарын салған АӨК субъектілеріне қолданылмайды (гектарға 2000 данадан кем емес аласа бойлы және жартылай аласа бойлы клондық телітушілердің көшеттері, оның ішінде книп-баум көшеттері).

2-тарау. Субсидияны алушылар

      7. Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызған және оларды кейінгі жылдары өсіруді жүзеге асырған АӨК субъектілері субсидия алушылар болып табылады.

3-тарау. Субсидияны алу шарттары

      8. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) тиісті жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім беру;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу талаптарына сәйкес жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу.

      9. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидиялар мынадай шарттар кезде төленеді:

      1) тиісті жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге арналған субсидияларды алуға өтінім беру;

      2) екінші вегетацияның – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетацияның – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетацияның – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың "Апорт" сорты бойынша өсіру сақталған кезде беріледі.

      Егер де бұрынғы жылдары отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттер ішінара жойылған және АӨК субъектісі оларды меншікті қаражатының есебінен қалпына келтірген жағдайда субсидиялар АӨК субъектісіне нақты сақталып қалған көпжылдық көшеттердің алаңына ғана (көпжылдық көшеттердің өздігінен қалпына келтірілген алқаптарын есепке алмағанда) тиесілі болады.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Субсидиялар АӨК субъектісі өтінім берген субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің алаңдарына және облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = V*N;

      мұнда:

      S – субсидиялар мөлшері, теңге;

      V – субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру алаңы, гектар;

      N – жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге облыс, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігінің қаулысымен бекітілген 1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге/гектар.

      Бұл ретте, көшеттерді сатып алу шығындарынан басқа, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындары өтеледі.

5-тарау. Субсидияны төлеудің тәртібі

      11. Бөлім:

      1) субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыру жарияланымын аудан (республикалық және облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті мерзімді баспа басылымдарында орналастырады;

      2) АӨК субъектілерінен өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады. АӨК субъектісі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім берген жағдайда, өтінім АӨК субъектісіне екі жұмыс күн ішінде қайта пысықтауға қайтарылады.

      Өтінімді қабылдау кезінде АӨК субъектісіне күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

      3) осы Қағидалардың, Комиссияның талаптарына сәйкес келетін АӨК субъектісінің өтінімін енгізеді.

      12. Комиссия:

      1) Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды;

      2) тиісті акті жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

      Комиссиямен субсидияны беру туралы шешім қабылданған жағдайда Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды, ал субсидияны беруден бас тартқан жағдайда Бөлім бас тарту себебін көрсете отырып бас тарту туралы жазбаша түрде АӨК субъектісін хабардар етеді.

      Субсидиялар беруде теріс шешім "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағымен белгіленген негіздер бойынша қабылданады.

      13. Респбуликалық маңызы бар қаланың, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы екі жұмыс күні ішінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға немесе оларды өсіруге арналған субсидияны алуға АӨК субъектісінен өтінім түскеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады.

5-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік

      14. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Министрлікке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.

  Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Кімге: ____________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен:___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болған жағдайда)

      Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде

      өндірілген жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек)

      көпжылдықкөшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім

      Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде өндірілген жеміс-

      жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттерін

      _______ гектар алаңға отырғызуға _________________________ теңге мөлшерінде субсидия

      төлеуді сұраймын.                  (сомасы сандармен және жазбаша)

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

бизнес-сәйкестендіру нөмірі


тіркеу нөмері


тіркелген күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


кім берді


берілген күні


жеке сәйкестендіру нөмірі


3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама**

бизнес-сәйкестендіру нөмірі


тіркеу нөмірі


тіркелген күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі


4.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


оның ішінде егістік


нысаналы мақсаты


сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


5.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не Ұлттық почта операторының анықтамасы

жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі


бенефициар коды


банктің немесе почта операторының деректемелері:
банктің немесе почта операторының атауы:


бизнес-сәйкестендіру коды


жеке сәйкестендіру коды


бизнес-сәйкестендіру нөмірі


бенефициар коды


6.

Бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімді отырғызу үшін бекітілген жұмыс жобасы

нөмірі


күні


7.

Жұмыс жобасын әзірлеуге жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

нөмірі


берілген күні


кім әзірледі


әзірлеуші орналасқан жердің мекенжайы


әзірлеушінің жеке сәйкестендіру коды


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық сату бағасы


8.

Отырғызу материалдарын сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


отырғызу материалын сатушының атауы


отырғызу материалын сатушы орналасқан жердің мекенжайы


отырғызу материалын сатушының жеке сәйкестендіру коды


тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


дақыл, сорты


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


9.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тіреуіш бағаналарды сатып алу қажет болған жағдайда көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының жеке сәйкестендіру коды


тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналар атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


10.

Тамшылатып суару жүйесінің құрылысына жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тамшылап суару жүйесін сатып алу қажет болған жағдайда көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


жабдық сатушының атауы


жабдық сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдық сатушының жеке сәйкестендіру коды


тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


жабдық атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


11.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









12.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


шарт жасалған күн


жабдық, материал сатушының атауы


жабдық, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдық, материал сатушының жеке сәйкестендіру коды


жабдықтың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


берілген күні


кім берді


13.

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көшеттерін өндіруші берген отырғызу материалына арналған сорттық куәлік

куәліктің нөмірі


берілген күні


кім берді


      Ескертпелер:

      * өтініш иесінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.

      ** жоғарыда көрсетілген кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

      Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Отырғызу алаңы, гектар

1 гектарға субсидия нормасы, теңге

Субсидиялар мөлшері, теңге (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

















Жиыны




      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы

      хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім

      беремін.

      Басшы ___________ ______________________________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болған жағдайда)

      Бас бухгалтер (бар болса) ______________ ____________________________________________

      (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болса)

      20__ жылғы "___" ______________

      Өтiнiм 20__жылғы "___" ____________қарауға қабылданды.

      ______________ _________________________________________________________________

      (қолы)                  (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта

      бар болған жағдайда)

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Талон

      № ______________

      Өтінім қарастыруға 20__ жылғы "__" ______ _______ сағат ___ минутта қабылданды.

      _______________________________________________ ________________________________

      (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, (қолы) аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға талаптар

Талаптар

1

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызу жүзеге асырылатын жер учаскесі Министрлік бекіткен ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылған схемасына сәйкес ұсынылатын ауданда болуы тиіс.

2

Жеміс дақылдары мен жүзімді отырғызу кемінде 5 гектар жалпы алқапта, жидек дақылдары —2 гектардан кем емес жалпы алқапта (жұмыс жобасында көзделген жол, суару желілері және желден қорғау жолақтарынсыз пайдалы алқап (нетто) есептеледі) жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте алманың "Апорт" сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу теңіз деңгейінен кемінде 900 метр биіктікте тау етегі және төмен таулы аймақтар жағдайында жүзеге асырылады.

3

Жеке меншікте (немесе лизингте) өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесінің бар болуы (сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгіш қондырғыларды, қысым реттегішті, су есептегішті және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен). Осы талап алманың "Апорт" сортының көпжылдық көшеттеріне қолданылмайды.

4

Орнатылған тіреуіш бағаналары болуы тиіс: бірінші отырғызылған жылы – жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызған жағдайда, екінші жылы – жүзімнің көпжылдық екпелерін өсірген жағдайда. Бұл ретте тіреуіш бағаналардың аралық қатары 15 метрден аспау тиіс.

5

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді отырғызу Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттармен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте "Апорт" сортының алмалары вирусы жоқ отырғызу материалдарынан дайындалуы және Сиверс алмасының (Malus Sieversii) және Недзвецкий алмасының (Malus Niedzweskiana) биік бойлы телітушілері сорттарымен отырғызылуы тиіс.

6

Көпжылдық көшеттерді отырғызу жүзеге асырылатын АӨК субъектісінің нақты жер учаскесіне бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген жүмыс жобасы (бұдан әрі – жұмыс жобасы) (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақты-мелиоративтік ізденістердің: 0,5 метр сайын рельеф қимасын жасай отырып, кемінде 1:2000 масштабта топотүсірудің, кемінде 1:5000 масштабта топырақты-мелиоративтік және топырақты-геологиялық ізденістердің (қажет болған кезде тұзды түсіру) жүргізілгенін растайтын отырғызу сызбасын, сорттық құрамын, жол және суару желісін, орман белдеулерін ұйымдастыруды көрсете отырып, көпжылдық көшеттерді отырғызудың бас жоспарын қамтитын) болуы тиіс. Бұл ретте алманың "Апорт" сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АӨК субъектісінің учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі.

  Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Кімге: ____________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен: _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің көпжылдық көшеттерін

      өсіруге арналған субсидияларды алуға өтінім

      Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде _______ гектар

      алаңға отырғызылған "_____" жылғы өсім жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің

      (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттеріне _________________________ теңге

      (сомасы сандармен және жазбаша)

      мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.


Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не Ұлттық почта операторының анықтамасы

жеке сәйкестендіру коды


бенефициар коды


банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


бизнес-сәйкестендіру коды


корпоративтік шот


бизнес-сәйкестендіру нөмірі


бенефициар коды


2.

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау актісі

нөмірі


толтырылған күні


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


3.

Алдыңғы жылдары субсидияларды алғаны туралы куәландыратын құжаттар

нөмірі


берілген күні


сомасы (теңге)


4.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының жеке сәйкестендіру коды


тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналардың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


5.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









6.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


жасасу күні


жабдықтар, материал сатушының атауы


жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдықтар, материал сатушының жеке сәйкестендіру коды


жабдықтардың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


қосылған құн салығымен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


      Ескертпе: * өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және

      көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.

Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Отырғызу алаңы, гектар

1 гектарға субсидия нормасы, теңге

Субсидиялар мөлшері, теңге (3-баған
х 4-баған)

1

2

3

4

5

















Жиыны




      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы

      хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім

      беремін.

      Басшы ___________ ______________________________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болған жағдайда)

      Бас бухгалтер (бар болса) ______________ ____________________________________________

      (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болса)

      20__ жылғы "___" ______________

      Өтiнiм 20__жылғы "___" ____________қарауға қабылданды.

      ______________ _________________________________________________________________

      (қолы)                  (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта

      бар болған жағдайда)

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Талон

      № ______________

      Өтінім қарастыруға 20__ жылғы "__" ______ _______ сағат ___ минутта қабылданды.

      _______________________________________________ ________________________________

      (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, (қолы) аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қараудың, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігінің 20 жылғы " " № актісі

      Біз төменде қол қойған ________________ облысы (республикалық маңызы бар

      қаланың) ________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық

      комиссиясының (бұдан әрі – комиссия) мүшелері, мынадай құрамда:

      комиссия төрағасы _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      комиссия мүшелері:

      аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері___________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің қызметкері_____________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      ауылдық округ әкімі ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      ғылыми ұйымның өкілі ____________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      қоғамдық ұйымның өкілі ____________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (агроөнеркәсіптік кешен субъектісі)

      ______________ гектар алқапта _____________________________________________________

      (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

      ______________ гектар алқапта _____________________________________________________

      (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

      ______________ гектар алқапта _____________________________________________________

      (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

      көпжылдық көшеттерді отырғызудың жүзеге асырылғаны туралы осы актіні жасадық.

      Отырғызылған бақ/жүзімдік жұмыс жобасына сәйкес келеді/келмейді

      (қажеттісінің астын сызу керек)

      Комиссия төрағасы                        ______________________________

      (қолы)

      комиссия мүшелері:

      аудандық (қалалық)

      ауыл шаруашылығы

      бөлімінің қызметкері                  ______________________________

      (қолы)

      аудандық (қалалық)

      жер қатынастары

      бөлімінің қызметкері                  ______________________________

      (қолы)

      ауылдық округ әкімі                        ______________________________

      (қолы)

      ғылыми ұйымның өкілі                  ______________________________

      (қолы)

      қоғамдық ұйымның өкілі                  ______________________________

      (қолы)

      агроөнеркәсіптік кешен субъектісі            ______________________________

      (қолы, мөрі)

  Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қараудың 20 жылғы " " № актісі

      Біз төменде қол қойған ________________ облысы (республикалық маңызы бар

      қаланың) ________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық

      комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері, мынадай құрамда:

      комиссия төрағасы _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      комиссия мүшелері:

      аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері___________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің қызметкері _____________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      ауылдық округ әкімі ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      ғылыми ұйымның өкілі ____________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      қоғамдық ұйымның өкілі __________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (агроөнеркәсіптік кешен субъектісі)

      ______________ гектар алқапта _____________________________________________________

      (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

      ______________ гектар алқапта _____________________________________________________

      (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

      ______________ гектар алқапта _____________________________________________________

      (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

      20__жылдың күзінде және (немесе) 20 жылдың көктемінде отырғызылған "__" өсу жылындағы көпжылдық көшеттердің өсірілуі жүзеге асырылғаны туралы осы актіні жасадық.

      Комиссия төрағасы                        ______________________________

      (қолы)

      комиссия мүшелері:

      аудандық (қалалық)

      ауыл шаруашылығы

      бөлімінің қызметкері                  ______________________________

      (қолы)

      аудандық (қалалық)

      жер қатынастары

      бөлімінің қызметкері                  ______________________________

      (қолы)

      ауылдық округ әкімі                        ______________________________

      (қолы)

      ғылыми ұйымның өкілі                  ______________________________

      (қолы)

      қоғамдық ұйымның өкілі                  ______________________________

      (қолы)

      агроөнеркәсіптік кешен субъектісі            ______________________________

      (қолы, мөрі)

  Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Субсидияларды пайдалану туралы ақпарат

Субсидия алушылар (Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің атауы, мекен-жайы),

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушінің жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Дақыл, сорт

1 гектарға арналған көшеттер саны, отырғызу схемасы

Отырғызу немесе өсіру алаңы, гектар

1 гектарға арналған субсидия нормасы, теңге

Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады