1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормалары бекітілсін.
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И.Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ____________А. Мамытбеков 2015 жылғы "24" шілде |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" шілдедегі № 227 қаулысына қосымша |