Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 296-V шешімі, Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 133 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 шілдеде № 3237 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 156 қаулысымен және Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2016 жылғы 5 қазандағы № 55-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 156 қаулысымен және Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2016 жылғы 5 қазандағы № 55-VI шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған Мақат аудандық мәслихаты кезектен тыс ХХХІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің шекарасы (шегі) босалқы жерлерден Доссор кентінің шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы бойынша жалпы көлемі 23 000 гектарды қосу арқылы, жалпы көлемі 46 656 гектарға өзгертілсін. Соның ішінде елді мекендер жерінен Таскескеннің – 15 гектары, Ескененің – 170 гектары, 441 бекеттің -50 гектары.
       Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Мүсеповке және аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Д. Алтаева) жүктелсін.
       "Доссор кенті әкімінің аппараты", "Мақат аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы шешім мен қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
       Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат хатшысы
кезектен тыс ХХХІV сессиясының
төрағасы
Т. Жолмағамбетов
      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Х. Төлеуішов

Об изменении границы (черты) поселка Доссор Макатского района Атырауской области

Решение маслихата Макатского района Атырауской области от 12 июня 2015 года № 296-V, постановление акимата Макатского района Атырауской области от 12 июня 2015 года № 133. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 01 июля 2015 года № 3237. Утратило силу совместным постановлением и решением Макатского районного акимата Атырауской области и Макатского районного маслихата Атырауской области от 04 октября/05 октября 2016 года № 156/55- VI

      Сноска. Утратило силу совместным постановлением и решением Макатского районного акимата Атырауской области и Макатского районного маслихата Атырауской области от 04.10./05.10.2016 № 156/55-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 5 статьи 108 Земельного Кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, подпунктом 3) статьи 12 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" от 8 декабря 1993 года акимат Макатского района ПОСТАНОВЛЯЕТ и Макатский районный маслихат V созыва на внеочередной ХХXIV сессии РЕШИЛ:
       Изменить границу (черту) поселка Доссор Макатского района Атырауской области общей площадью 46 656 гектаров путем включения из земельных запасов общей площадью 23 000 гектаров по экспликации земель, включаемых в границу (черту) поселка Доссор. В том числе из земель населенных пунктов Таскескен –15 гектаров, Ескене – 170 гектаров, 441 разъезда – 50 гектаров.
       Контроль за исполнением настоящего решения и постановления возложить на заместителя акима района Мусепова Ж. и на постоянную комиссию (председатель Д. Алтаева) районного маслихата по вопросам бюджетного планирования, хозяйственной деятельности, использования земли, охраны природы и обеспечения законности.
       Государственным учреждениям "Аппарат акима поселка Доссор", "Отдел земельных отношений Макатского района" принять меры, вытекающие из настоящего решения и постановления.
       Настоящее решение и постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Секретарь районного маслихата,
председатель внеочередной ХХХІV
сессии
Т. Жолмагамбетов
      Временно исполняющий обязанности
акима района
Х. Тулеушов