Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған Мақат аудандық мәслихаты кезектен тыс ХХХІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің шекарасы (шегі) босалқы жерлерден Доссор кентінің шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы бойынша жалпы көлемі 23 000 гектарды қосу арқылы, жалпы көлемі 46 656 гектарға өзгертілсін. Соның ішінде елді мекендер жерінен Таскескеннің – 15 гектары, Ескененің – 170 гектары, 441 бекеттің -50 гектары.
Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Мүсеповке және аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Д. Алтаева) жүктелсін.
"Доссор кенті әкімінің аппараты", "Мақат аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы шешім мен қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы кезектен тыс ХХХІV сессиясының төрағасы |
Т. Жолмағамбетов |
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Х. Төлеуішов |