1. Жалпы аумағы 3 175,96 гектар және ұзындығы 25114 метр болатын Доссор кентінің шекарасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Мақат ауданы мәслихатының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 296-V шешімінің және Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 133 "Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (Ж.Мүсепов) және аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б.Аманғалиев) жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақат ауданы әкімі | Б. Сәрсенғалиев |
Мақат аудандық мәслихатының кезекті VI сессиясының төрағасы |
А. Самаликов |
Мақат аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Исмагулов |