Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 327-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қазанда № 3327 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 126-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 05.12.2024 № 126-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Д. Алтаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХVII сессиясының төрағасы
Қ .Сакупов
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Жолмағамбетов

  Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы "17" қыркүйектегі № 327-V шешімімен бекітілген

Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      Осы Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі-Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және Мақат аудандық мәслихатының аппаратына қарасты "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

      4. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      5. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      6. Қызметшілерді бағалау мыналардан қосылады:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).

      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

      7. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      8. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

      9. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      10. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      11. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      12. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия төрағасы болып Мақат аудандық мәслихат аппаратының басшысы табылады.

      Комиссия хатшысы Мақат аудандық мәслихаты аппаратының кадр қызметінің қызметкері болып табылады (бұдан әрі - Комиссия Хатшысы). Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      13. Комиссия Хатшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

      Комиссия Хатшысы бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      14. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын Комиссия Хатшысынан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Комиссия Хатшысына қайтарады.

      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия Хатшысы және қызметшінің тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      15. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Комиссия Хатшысы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

      16. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістемесінің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Комиссия Хатшысына жіберіледі.
      18. Комиссия Хатшысы осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      19. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      20. Комиссия Хатшысы қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

      a = b + c

      a – қызметшінің қорытынды бағасы,

      b – тікелей басшының бағасы,

      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

      21. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

      21 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",

      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",

      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      22. Комиссия Хатшысы осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Комиссия Хатшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) Осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      23. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.

      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

      24. Комиссия Хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия Хатшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      25. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      26. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жөніндегі уәкілетті органына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      27. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      28. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне береді.

  Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


      БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)

      Таныстым:                              Тікелей басшы

      Қызметші                              Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)____

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)_______      күні___________________________

      күні_____________________________      қолы__________________________

      қолы_____________________________

  Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда): ________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:__________________________________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабылеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы Барлығы (барлық бағалардың бағасы)

2-ден 5-ке дейін



  Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)


р/р

Қызметшінің (Т.А.Ә
(бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1





...





      Комиссия қорытындысы:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы:_____________________________ Күні: _________________

      (Т.А. Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы:____________________________ Күні: _________________

      (Т.А. Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі:______________________________ Күні: _________________

      (Т.А. Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Макаткого районного маслихата

Решение Макатского районного маслихата Атырауской области от 17 сентября 2015 года № 327-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 27 октября 2015 года № 3327. Утратило силу решением Макатского районного маслихата Атырауской области от 5 декабря 2024 года № 126-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Макатского районного маслихата Атырауской области от 05.12.2024 № 126-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10130 опубликованный в Информационно-правовой системе "Әділет" 20 марта 2015 года) Макатский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Макатского районного маслихата.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию (председатель Д. Алтаева) районного маслихата по вопросам бюджетного планирования, хозяйственной деятельности, использования земли, охраны природы и обеспечения законности.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель очередной ХХХVІІ
cессии районного маслихата
К. Сакупов
      Секретарь районного маслихата Т. Жолмагамбетов

  Утверждена решением Макатского районного маслихата от "17" сентября 2015 года № 327-V

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Макатского районного маслихата

1. Общие положения

      Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Макатского районного маслихата (далее - Методика) разработана в целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Макатского районного маслихата (далее - служащие).

      4. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      5. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      6. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).

      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.

      7. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      8. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.

      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.

      9. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      10. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по ежегодной оценке деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Макатского районного маслихата (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      11. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      12. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.

      Председателем Комиссии является секретарь Макатского районного маслихата.

      Секретарем Комиссии является сотрудник кадровой службы аппарата Макатского районного маслихата (далее - Секретарь Комиссии). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.

      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      13. Секретарь Комиссии формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.

      Секретарь Комиссии уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункта 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      14. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от Секретаря Комиссии, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист к Секретарю Комиссии в течение двух рабочих дней.

      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае Секретарем Комиссии и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      15. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).

      Перечень таких лиц (не более трех) определяется Секретарем Комиссии не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.

      16. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      17. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются к Секретарю Комиссии в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      18. Секретарь Комиссии осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Оценка лицами, указанных в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      20. Итоговая оценка служащего вычисляется Секретарем Комиссии не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

      a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего,

      b – оценка непосредственного руководителя,

      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.

      21. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:

      менее 21 балла – "неудовлетворительно",

      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно",

      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      22. Секретарь Комиссии обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, указанным в пункте 11 настоящей Методики.

      Секретарь Комиссии предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 настоящей Методике.
      23. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:

      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки при расчете результата оценки служащего.

      При этом не допускается снижение оценки служащего.

      24. Секретарь Комиссии ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае Секретарем Комиссии в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      25. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в кадровой службе.

7. Обжалование результатов оценки

      26. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или в департаменте Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Атырауской области осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      27. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Атырауской области в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      28. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или в департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Атырауской области.

  Приложение 1к Методике
ежегодной оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" аппарата
Макатского районного маслихата

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ___________________

      Должность оцениваемого служащего: __________________________________


п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


      ИТОГО (сумма всех оценок):

      Ознакомлен(а):

      Служащий Непосредственный руководитель

      Ф.И.О. (при его наличии) ________ Ф.И.О. (при его наличии) ____

      дата _______________________ _______________________

      подпись ____________________ подпись _____________________

  Приложение 2 к Методике
ежегодной оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" аппарата
Макатского районного маслихата

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________

      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________


п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)



     

  Приложение 3 к Методике
ежегоднойоценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" аппарата
Макатского районного маслихата

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ______________________________________________________

      (наименование государственного органа)


п/п

Ф.И.О.
(при его наличии)
служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1





...





      Заключение Комиссии:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Проверено:

      Секретарь Комиссии: _______________________ Дата: _____________

      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Председатель Комиссии: _____________________ Дата: ____________

      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Член Комиссии: _____________________________ Дата: _____________

      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)