"Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 327-V шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 126-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 желтоқсанда № 5237-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мақат аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Мақат ауданы мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 327-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3327 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика мен бюджет, өнеркәсіп, қоғамдық қауіпсіздік және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Шангалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады