"Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 19 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 ақпанда № 3010 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 36 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы "26" қантардағы
№ 19 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тоқаев көшесі, № 17 үй, пошталық индексі 160000.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге ықпал ету.
      15. Міндеттері:
      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолданады;
      4) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындайды.
      16. Функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      5) облыстың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      6) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
      14) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      17) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
      18) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру;
      19) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      20) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      21) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      22) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
      23) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
      24) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.
      Мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
      жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
      жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
      жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
      азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
      межелiк белгiлердiң сақталуына;
      жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
      бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
      жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
      жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және өзге де ақпаратты сұратып алу;
      3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларданан келіп түскен мәселелерді қарайды;
      4) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      5) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
      6) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
      7) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
      8) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
      9) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
      10) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
      11) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға;
      12) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсынуға;
      13) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді мемлекеттік органдармен, мекеме және ұйымдармен бірлесе атқаруға;
      14) осы Ережемен, Қазақстан Республикасы заңнамалармен және жергілікті облыс әкімдігімен бекітілген өкілеттіктерді іске асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастыру;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындау және және қызметтен босату оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолдану;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
      6) заңнамалармен, осы Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      7) сенім хат береді.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 19. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 6 февраля 2015 года № 3010. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 19 февраля 2016 года № 36

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 19.02.2016 № 36 (вводится в действие с момента подписания).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Туякбаева С.
      Аким области А. Мырзахметов
      Оспанов Б.
      Жилкишиев Б.
      Айтаханов Е.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Исаева Р.

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от "26" января 2015 года
№ 19

ПОЛОЖЕНИЕ
о государственном учреждении "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере земельных отношений и государственный контроль за использованием и охраной земель.
      2. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" ведомств не имеет.
      3. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государство если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Аль-Фарабийский район, улица Токаева, дом № 17, почтовый индекс 160000.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области":
      1) регулирование земельных отношений в целях обеспечения рационального использования и охраны земель;
      2) содействия развитию и совершенствованию государственной политики в сфере государственного контроля за использованием и охраной земель.
      15. Задачи:
      1) реализация государственной политики в области регулирования земельных отношений;
      2) осуществление координации и руководства деятельностью районных, городских (областного значения) исполнительных органов в части использования и охраны земельных ресурсов;
      3) своевременно принимать меры к нарушителям земельного законодательства Республики Казахстан;
      4) объективно готовить материалы проводимых проверок.
      16. Функции:
      1) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков для целей недропользования (для проведения работ по добыче; по совмещенной разведке и добыче; по строительству и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей), строительства (реконструкции) магистральных трубопроводов, объектов переработки нефти и газа, объектов по использованию возобновляемых источников энергии, для индустриально-инновационных проектов субъектов индустриально-инновационной деятельности, реализации инвестиционных приоритетных проектов в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об инвестициях", создания и расширения особо охраняемых природных территорий местного значения, а также по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд при обнаружении и под разработку месторождений полезных ископаемых, для строительства (реконструкции) магистральных трубопроводов, создания и расширения особо охраняемых природных территорий местного значения;
      2) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков государственным научно-исследовательским организациям и их опытным хозяйствам, а также государственным семеноводческим хозяйствам и племенным заводам;
      3) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений;
      4) подготовка предложений по резервированию земель;
      5) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по установлению публичных сервитутов в соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      6) утверждение кадастровой (оценочной) стоимости конкретных земельных участков, продаваемых в частную собственность государством, в пределах его компетенции;
      7) определение делимости и неделимости земельных участков в пределах его компетенции;
      8) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;
      9) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель области;
      10) организация проведения земельных торгов (конкурсов, аукционов) в пределах его компетенции;
      11) проведение экспертизы проектов и схем областного, городского, районного значения, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;
      12) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования в пределах его компетенции и осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;
      13) составление баланса земель области на основании данных районов, городов областного значения;
      14) подготовка предложений по выдаче разрешений местным исполнительным органом области на использование земельных участков для проведения изыскательских работ в соответствии со статьей 71 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      15) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;
      16) утверждение земельно-кадастрового плана;
      17) предоставление информации в центральный уполномоченный орган о лицах, у которых принудительно изъяты земельные участки на основании вступившего в законную силу решения суда, в соответствии со статьями 92 и 93 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      18) подача заявления в уполномоченный орган в области государственной регистрации прав на недвижимое имущество на установление и прекращение обременения на земельный участок в соответствии с частью третьей пункта 2 статьи 94 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      19) осуществление государственного контроля за использованием и охраной земель;
      20) выдача обязательных для исполнения предписаний по устранению выявленных нарушений земельного законодательства;
      21) рассмотрение дел об административных правонарушениях в области земельного законодательства;
      22) подготовка и предъявление исков в суд по вопросам, указанным в подпункте 4) пункта 1 статьи 148 Земельного кодекса Республики Казахстан;
      23) выявление и возврат в государственную собственность земель, не используемых либо используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан;
      24) приостановление строительства, разработки месторождений полезных ископаемых, эксплуатации объектов, геологоразведочных и других работ, если они осуществляются с нарушением земельного законодательства, установленного режима использования земель, а также если эти работы ведутся по проектам, не прошедшим экспертизу или получившим отрицательное заключение.
      Организует и проводит государственный контроль за:
      соблюдением государственными органами, предприятиями, учреждениями, организациями и гражданами земельного законодательства Республики Казахстан, установленного режима использования земельных участков в соответствии с их целевым назначением;
      недопущением самовольного занятия земельных участков;
      соблюдением прав собственников земельных участков и землепользователей;
      своевременным и правильным проведением собственниками земельных участков и землепользователями комплекса организационно - хозяйственных, агротехнических, лесомелиоративных и гидротехнических противоэрозионных мероприятий по восстановлению и сохранению плодородия почв;
      своевременным предоставлением в государственные органы собственниками земельных участков и землепользователями сведений о наличии, состоянии и использовании земель;
      проектированием, размещением и строительством жилых и производственных объектов, оказывающих влияние на состояние земель;
      своевременным и качественным выполнением мероприятий по улучшению земель, предотвращению и ликвидации последствий эрозии почвы, засоления, заболачивания, подтопления, опустынивания, иссушения, переуплотнения, захламления, загрязнения и других процессов, вызывающих деградацию земель;
      соблюдением установленных сроков рассмотрения заявлений (ходатайств) граждан о предоставлении им земельных участков;
      сохранностью межевых знаков;
      своевременным возвратом земель, предоставленных местными исполнительными органами во временное землепользование;
      рекультивацией нарушенных земель;
      снятием, сохранением и использованием плодородного слоя почвы при проведении работ, связанных с нарушением земель;
      осуществлением проектов землеустройства и других проектов по использованию и охране земель.
      17. Права и обязанности:
      1) принимает решения в пределах возложенных на него задач и функций;
      2) в установленном законодательством порядке запрашивает и получает от государственных органов, организаций и физических и юридических лиц документы и иную информацию необходимую для выполнения своих функции, а также представляет информацию другим государственным органам;
      3) рассматривает в пределах своей компетенции вопросы, поступающие от юридических и физических лиц;
      4) направлять в соответствующие органы материалы о нарушениях земельного законодательства Республики Казахстан для решения вопроса о привлечении виновных к ответственности;
      5) составлять протоколы (акты) о нарушениях земельного законодательства Республики Казахстан;
      6) выносить постановления об административном взыскании за нарушение земельного законодательства Республики Казахстан;
      7) при предъявлении служебного удостоверения беспрепятственно посещать организации, обследовать земельные участки, находящиеся в собственности и пользовании, а земельные участки, занятые военными, оборонными и другими специальными объектами, с учетом установленного режима их посещения;
      8) давать собственникам земельных участков и землепользователям обязательные для исполнения предписания по вопросам охраны земель, устранению нарушений земельного законодательства Республики Казахстан;
      9) приостанавливать промышленное, гражданское и другое строительство, разработку месторождений полезных ископаемых, эксплуатацию объектов, проведение агротехнических, лесомелиоративных, геологоразведочных, поисковых, геодезических и иных работ, если они осуществляются с нарушением земельного законодательства Республики Казахстан, установленного режима использования земель особо охраняемых территорий и могут привести к уничтожению, загрязнению, заражению или порче плодородного слоя почвы, развитию эрозии, засолению, заболачиванию и другим процессам, снижающим плодородие почв, включая сопредельную территорию, а также если эти работы ведутся по проектам, не прошедшим экспертизу либо получившим отрицательное заключение;
      10) получать от государственных органов статистическую информацию о состоянии земельного фонда;
      11) приостанавливать строительство жилых и производственных объектов в случае отсутствия правоустанавливающего и идентификационного документов;
      12) заключать договоры с юридическими и физическими лицами, приобретать имущественные и личные неимущественные права, представлять свои интересы в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      13) взаимодействует с государственными органами, учреждениями и организациями для реализации, задач поставленных перед государственным учреждением "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области";
      14) осуществляет полномочия, установленные настоящим Положением, законодательством Республики Казахстан и местным исполнительным органом области.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Южно-Казахстанской области, в соответствии с действующим законодательством.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области":
      1) представляет государственное учреждение "Управление по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) организует работы государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области";
      3) назначает на должность и освобождает от должности работников государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области", применяет меры поощрения и налагает взыскания на них;
      4) определяет круг обязанностей работников государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области";
      5) издает в соответствии с действующим законодательством приказы обязательные для работников государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области";
      6) осуществление иных функции, возложенных на него законодательством, настоящим Положением, акиматом и акимом области;
      7) выдает доверенности.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (влючая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление земельных отношений и по контролю за использованием и охраной земель Южно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.