Оңтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 36/292-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 3163 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 42/345-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2015 № 42/345-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қ.Қамбаров

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    Қ.Ержан

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы
19 наурыздағы № 36/292-V
шешімімен бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары

      1. Осы ортақ су пайдаланудың қағидалары Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Осы қағидалар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалану тәртібін анықтайды және меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ортақ су пайдалану – халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай – күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылатын су пайдалану;
      2) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
      3) су шаруашылығы құрылыстары – су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
      4) жер асты шаруашылық – ауыз сулары - өзінің табиғи жай – күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жер асты сулары;
      5) сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
      6) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
      7) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
      8) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
      4. Мынадай:
      1) техникалық құралдарды қолданбай, жер үсті көздерінен су алу кезінде;
      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.
      Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектілерінде де, ортақ пайдалануға жтапайтын су объектілерінде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейді. Қазақстан Республикасының Су Кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне рұқсат етілмейді.
      5. Халықтың экологиялық, техникалық және санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында, мынадай жерлерде:
      1) халықтың шомылуы:
      ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;
      шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;
      сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).
      2) халықтың санитарлық-эпидимиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның және облыстың жергілікті атқарушы органында міндетті тіркелмеген тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз суға және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алуға;
      3) санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде мал суару үшін пайдалануға;
      4) зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланатын шағын кемелерден және басқа да жүзу құралдардан, сондай-ақ ұйымдастырылған жағажайларда пайдаланылатын шағын кемелер мен жабдықтардан басқа, адамдар көп шоғырланатын жерлердегі су айдындарында шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу қауіпті деп белгіленсін.
      6. Шомылу маусымы басталар алдында суды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуі тиіс санитариялық - химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.
      7. Микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге алынатын су үлгілері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарында, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 104 Қаулысына сай болуы тиіс.
      8. Шомылуға арналған су бетінің шекаралары қызыл түсті қалқитын белгілермен белгіленеді.
      9. Құмды жағажайларда аптасына бір реттен сиретпей жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатына механикалық қопсыту жүргізіледі.
      10. Адамдардың шомылуына арналған орындарда киім-кешек жууға және жануарларды жуындыруға жол берілмейді.
      11. Мемлекеттің қауіпсіздігін және еліміздің қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, басқа тұлғалардың заңды және құқықтық мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жекелеген су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдаланудың шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін.
      12. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе жол бермеуді белгілеу үшін, бөлек немесе бірлесе су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстық мәслихатқа ортақ су пайдалану шарттарын белгілеу қажеттілігін негіздейтін ұсыныс енгізеді.
      13. Ортақ су пайдаланудың шарттары немесе жол бермеуді белгілеу негізсіз болған жағдайда, ұсынылған ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе жол бермеуді белгілеуден негізді себептермен бас тарту туралы облыстық мәслихат су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
      14. Шомылуға жол бермеу және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа да шарттары туралы халықты облыстық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгілермен хабардар етеді.
      15. Ортақ су пайдалануға жол бермеу немесе шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату бойынша шығындарды, осы су объектілері жекелей немесе бірлесіп пайдалануға берілген жеке және заңды тұлғалар өткереді.
      16. Бекітілмеген су объектілерінде осы Қағидаларды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салу белгілері мен плакаттар орнатуды жергілікті атқарушы органдары қамтамасыз етеді.
      17. Су объектілерін мал суару үшін пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан сондай-ақ, көпшілік демалу орындарынан, рекреациялық және спорттық мақсаттағы жерлерден тыс жерде және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол беріледі.
      18. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
      19. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталады.

Об утверждении Правил общего водопользования на водных объектах Южно-Казахстанской области

Решение областного маслихата Южно-Казахстанской области от 19 марта 2015 года № 36/292-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 28 апреля 2015 года № 3163. Утратило силу решением Южно-Казахстанского областного маслихата от 30 сентября 2015 года № 42/345-V

      Сноска. Утратило силу решением Южно-Казахстанского областного маслихата от 30.09.2015 № 42/345-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 38 Водного Кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Южно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила общего водопользования на водных объектах Южно-Казахстанской области.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      областного маслихата                       К.Камбаров

      Секретарь областного
      маслихата                                  К.Ержан

Утверждены
решением Южно-Казахстанского
областного маслихата от 19 марта
2015 года № 36/292-V

Правила общего водопользования на водных объектах Южно-Казахстанской области

      1. Настоящие Правила общего водопользования разработаны в соответствии с Водным Кодексом Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан «Об административных правонарушениях», Законом Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1215 «Об утверждении Типовых правил общего водопользования».
      2. Настоящие Правила определяют порядок общего водопользования водных объектов, расположенных в административно – территориальных границах Южно-Казахстанской области, и обязательны для исполнения всеми физическими и юридическими лицами независимо от формы собственности.
      3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) общее водопользование – водопользование, осуществляемое для удовлетворения нужд населения без закрепления водных объектов за отдельными физическими или юридическими лицами и без применения сооружений или технических устройств, влияющих на состояние вод;
      2) гидротехнические сооружения – инженерные сооружения, используемые для управления водными ресурсами, подачи воды водопользователям, водоснабжения и водоотведения, предупреждения вредного воздействия вод;
      3) водохозяйственные сооружения – искусственно созданные гидротехнические сооружения и устройства с целью регулирования использования и охраны водных ресурсов, водоснабжения, водоотведения и устранения вредного воздействия вод;
      4) хозяйственно – питьевые подземные воды – подземные воды, по своему качеству в естественном состоянии или после обработки отвечающие нормативным требованиям и предназначенные для питьевых и бытовых нужд человека, либо для производства питьевой продукции;
      5) сточные воды – воды, образующиеся в результате хозяйственной деятельности человека или на загрязненной территории, сбрасываемые в естественные или искусственные водные объекты или на рельеф местности;
      6) воды – совокупность всех вод, сосредоточенных в водных объектах;
      7) водопользование – использование водных ресурсов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, для удовлетворения собственных нужд и (или) коммерческих интересов физических и юридических лиц;
      8) водопользователь – физическое или юридическое лицо, которому в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставлено право использования водных ресурсов для удовлетворения собственных нужд и (или) коммерческих интересов.
      4. К общему водопользованию относится пользование водными объектами:
      1) при заборе воды из поверхностных источников без применения технических средств;
      2) в рекреационных целях, массового отдыха, туризма и спортивных целей, за исключением водных объектов, представляющих потенциальную селевую опасность;
      3) для судоходства и пользования маломерными судами;
      4) для водопоя скота.
      Общее водопользование осуществляется как на водных объектах общего пользования, так и на водных объектах, не состоящих в общем пользовании, и не требует наличия специального разрешения. Не допускается ограничение физическими и юридическими лицами доступа населения к водным объектам общего водопользования путем установления заграждений, охранных пунктов, запрещающих знаков, за исключением случаев, предусмотренных Водным Кодексом Республики Казахстан.
      5. В целях экологической, технической и санитарно–эпидемиологической безопасности населения определить следующие места, где не допускается:
      1) купание населения:
      в местах, где установлены предупредительные и запрещающие знаки;
      вблизи шлюзов, гидроэлектростанций, мест спуска сточных вод, стойбищ и водопоя скота и других источников загрязнения, а также вышеуказанных источников загрязнения на расстоянии не менее 500 метров;
      на глинистых участках, а также при наличии неблагоприятных и опасных природных факторов (берег должен быть отлогим, без обрывов и ям, а дно водоема должно быть песчаным, свободным от тины, водорослей, коряг и острых камней).
      2) забор воды для питьевых и бытовых нужд непосредственно из поверхностных и подземных водных объектов без наличия положительного заключения уполномоченного органа в сфере санитарно – эпидемиологического благополучия населения и обязательной регистрации его в местном исполнительном органе области;
      3) использование водных объектов для водопоя скота в зонах охраны и при отсутствии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов в порядке общего водопользования;
      4) катание на маломерных судах и других плавучих средствах на водоемах в местах массового скопления, кроме маломерных судов и иных средств, используемых для спасения пострадавших, а также судов и средств, используемых на организованных пляжах.
      6. Перед началом купального сезона проводятся исследования воды по санитарно-химическим и микробиологическим показателям, которые должны отвечать установленным требованиям законодательства Республики Казахстан.
      7. Исследуемые воды по санитарно-химическим и микробиологическим показателям должны соответствовать Постановлению Правительства Республики Казахстан от 18 января 2012 года № 104 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, местам водозабора для хозяйственно-питьевых целей, хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования и безопасности водных объектов».
      8. Границы поверхности воды, предназначенные для купания, обозначаются красными плавучими сигналами.
      9. На песчаных пляжах не реже одного раза в неделю производится механизированное рыхление поверхностного слоя песка с удалением собранных отходов.
      10. Не допускается стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания людей.
      11. Использование отдельных водных объектов или их частей может быть ограничено или приостановлено в целях обеспечения обороны страны и безопасности государства, охраны здоровья населения, окружающей природной среды и историко - культурного наследия, прав и законных интересов других лиц в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      12. Для установления условий или недопущения общего водопользования, водопользователь, осуществляющий обособленное или совместное водопользование, вносит в областной маслихат предложение, в котором обосновывает необходимость установления условий или недопущения общего водопользования.
      13. В случае необоснованности установления условий или недопущения общего водопользования, областной маслихат письменно уведомляет водопользователя об отказе предложенных условий или недопущения общего водопользования с обоснованием причин.
      14. О недопущения купания и других условиях осуществления общего водопользования население оповещается областным маслихатом через средства массовой информации, специальными информационными знаками.
      15. Затраты по установлению информационных знаков по ограничению общего водопользования несут физические и юридические лица, водные объекты которым представлены для обособленного или совместного пользования.
      16. На незакрепленных водных объектах установка запретительных знаков, плакатов с предупреждениями о размерах штрафов за нарушение настоящих Правил обеспечивается местными исполнительными органами.
      17. Использование водных объектов в порядке общего водопользования для водопоя скота допускается вне зоны санитарной охраны источников питьевого водоснабжения, а также вне мест, используемых для массового отдыха населения, культурно – бытовых, рекреационных и спортивных целей, при наличии устройств, предотвращающих загрязнение водных объектов.
      18. Места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях устанавливаются местными исполнительными органами области по согласованию с уполномоченным органом, уполномоченным государственным органом в области охраны окружающей среды, уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения с соблюдением экологических требований и безопасности жизни человека.
      19. Ответственность за нарушение настоящих Правил определяется на основании действующего законодательства Республики Казахстан.