Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 36-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1215 қаулысымен 
бекітілген   

Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары

      1. Осы Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Мынадай:
      1) техникалық құралдарды қолданбай жер үсті көздерінен су алу кезінде;
      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.
      Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектілерінде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектілерінде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейді.
      3. Осы Қағидалар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарының өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін анықтайды әрі меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
      4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерді пайдалану және олармен жүзу және басқа да жүзетін құралдармен жүзу тыйым салынған жерлерді айқындайды.
      5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтін жері болып танылған су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану құқығына шектеу қояды.
      6. Елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жеке су нысандарын немесе олардың бөліктерін пайдалану шектелуі, тоқтатылуы немесе тыйым салынуы мүмкін.
      7. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың  астананың) жергілікті өкілді органдарына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
      8. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу негізсіз болған жағдайда жергілікті өкілді органдар ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерін негіздей отырып су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
      9. Шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды  басқа шарттары туралы халықты облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгілермен хабардар етеді.
      10. Бекітілмеген су объектілерінде осы Қағидаларды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттар орнатуды жергілікті атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қамтамасыз етеді.
      11. Су объектілерін мал суару үшін ортақ су пайдалану тәртібімен қолдану ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарынан тыс жерде және су объектілерінің ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылғылар болған жағдайда жол беріледі. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) суат алаңдарын жайластыру жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
      12. Кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы заңдарымен регламенттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады