Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі аппаратының 22.01.2016 № 3/15-350 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
1) 21 мен 29 жас аралығындағы жастар;
2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
3) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
4) жұмыссыз әйелдер.
2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Ж. Байғонов/ жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Құрманбековаға жүктелсін.
4. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Д.Сатыбалды