2015 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 269 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3098 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі аппаратының 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 3/15-350 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі аппаратының 22.01.2016 № 3/15-350 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      1) 21 мен 29 жас аралығындағы жастар;
      2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
      3) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
      4) жұмыссыз әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Ж. Байғонов/ жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Құрманбековаға жүктелсін.
      4. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Д.Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады