Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 14.09.2020 № 69/627-6с шешiмiмен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 39/266-5с "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2784 тіркелген, 2014 жылғы 29 тамызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер салығының базалық мөлшерлемелерiн түзету туралы";
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "ставкалары" деген сөздер тиiсiнше "мөлшерлемелерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | Н.Бекназаров |