Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/627-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 126 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14/124-VII шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 14/124-VII шешімімен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесi!
      Осы шешiм 01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымындағы № 37/257-5с шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2736 болып тіркелген) Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504, 505, 506-баптармен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері:

      1, 2, 4, 5 және 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 50 (елу) пайызға;

      7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 40 (қырық) пайызға;

      10 аймақта ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланатын жерлерді 50 (елу) пайызға қолданыстағы жерлерге арттырылсын.

      3, 8, 9 және 10 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған), ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланатын жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына сәйкес белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері қалдырылсын.

      2. "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 39/266-5с шешiмiне өзгерістер енгізу туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 46/327-5с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3166 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырдағы №19 "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) және "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/238-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымдағы №49 "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрайымы Т. Султанова
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады