Жер салығының базалық мөлшерлемелерiн түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 39/266-5с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 тамызда № 2784 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/388-5с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент  қалалық мәслихатының 29.09.2015 № 50/388-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/327-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша «ставкалары» деген сөздер «мөлшерлемелері» деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/327-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 37/257-5с шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2736 нөмірімен тіркелген) Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378379380381383387 баптармен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері жоғарылатылсын:
      1, 2, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 пайызға;
      7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 40 пайызға.
      3, 8, 9, 10 аймақтарда ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 381 бабына сәйкес белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері қалдырылсын.
      10 аймақта ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлері салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Шымкент қалалық мәслихатының 27.07.2012 жылғы № 9/69-5с «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-165 тіркелген 2012 жылғы 3 тамыздағы № 32 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      А.Ниязов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады