"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Арыс қаласының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
2) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
3) жұмыссыз әйелдер.
3. Осы қауылының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С.Ертай |