2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 629 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 3519 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 сәірдегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 29.04.2016 № 147 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Арыс қаласының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
      1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
      2) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
      3) жұмыссыз әйелдер.
      3. Осы қауылының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С.Ертай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады