"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 985 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2792 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 шілдеде "Туркістан" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының № 1 және № 2 қосымшалары осы қаулының № 1 және № 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә.Өсербаев |
Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "3" маусымдағы № 706 қаулысына № 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қала атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
1 | Түркістан қаласы | 13 965 | 13 300 | 1855 |
Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "3" маусымдағы № 706 қаулысына № 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
Айына бір балаға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | |||||
Балабақшалар | Шағын орталықтар | Санаторлық балабақшалар | Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер (балабақшалар, шағын орталықтар) | |||
қалада | ауылдық жерде | балалар толық күн болатын | балалар жарты күн болатын | |||
18 376 | 25 055 | 12 578 | 6 289 | 23 000 | 18 376 |