Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 985 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 тамызда № 2792 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 27.05.2016 № 573 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 03.06.2015 № 706 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б.Әшірбеков

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "16" шілдедегі
№ 985 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 03.06.2015 № 706 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).


Қала атауы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
республикалық бюджет есебінен
жергілікті бюджет есебінен
1
Түркістан қаласы
13 965
13 300
1855

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "16" шілдедегі
№ 985 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 03.06.2015 № 706 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Айына бір балаға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар
Балабақшалар
Шағын орталықтар
Санаторлық балабақшалар
Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер (балабақшалар, шағын орталықтар)
қалада
ауылдық жерде
балалар толық күн болатын
балалар жарты күн болатын
18 376
25 055
12 578
6 289
23 000
18 376

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "16 " шілдедегі
№ 985 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
337,35
7084,55

      
      Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады