"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Ордабасы ауданының аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Сатеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 20 ақпанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | С.Сапарбаев |
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 321 қаулысына қосымша |
2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Ордабасы ауданының аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Дақылдар түрі | Оңтайлы мерзімдері | Ескерту | |
басталуы | аяқталуы | |||
1 | Жаздық бидай | 25.02.2015 жыл | 04.04.2015 жыл | Тәлімі жер |
2 | Мақсары | 30.02.2015 жыл | 25.03.2015 жыл | Тәлімі жер |
3 | Күнбағыс | 25.04.2015 жыл | 10.05.2015 жыл | Тәлім және суармалы жер |
4 | Майкене | 25.04.2015 жыл | 10.05.2015 жыл | Тәлім және суармалы жер |
5 | Жоңышқа | 15.03.2015 жыл | 10.04.2015 жыл | Тәлім және суармалы жер |
6 | Мақта | 25.04.2015 жыл | 10.05.2015 жыл | Суармалы жер |
7 | Көкөніс, бақша, картоп | 25.03.2015 жыл | 30.05.2015 жыл | Суармалы жер |
8 | Дәндік жүгерісіне | 25.03.2015 жыл | 20.05.2015 жыл | Суармалы жер |
9 | Күздік бидай | 05.10.2015 жыл | 05.11.2015 жыл | Суармалы жер |
15.10.2015 жыл | 25.11.2015 жыл | Тәлімі жер |