Сайрам ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын өтеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 408 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 шілдеде № 3224 болып тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5 тармағына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

О покрытии расходов за питание детей, проживающих в школах-интернатах общего типа, в интернатах при школах Сайрамского района

Постановление акимата Сайрамского района Южно-Казахстанской области от 28 мая 2015 года № 408. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 1 июля 2015 года № 3224

      В соответствии с пунктом 4 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании», пунктом 5 Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320, акимат Сайрамского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Расходы за питание детей, проживающих в школах-интернатах общего типа, в интернатах при школах Сайрамского района, покрывать за счет средств местного бюджета.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Сайрамского района Керимбекова Т.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Аким района                                В.Кайназаров