«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5 тармағына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі У.Қайназаров
Сайрам ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын өтеу туралы
ЖаңаОңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 408 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 шілдеде № 3224 болып тіркелді
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз