Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақниет елді мекенінің әкімшілік шекарасына ауданның арнайы жер қорынан жалпы көлемі 54,2 га жер қосылып, Ақниет елді мекенінің шекарасы өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Парманов
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Жүзенов
Аудандық мәслихат
хатшысы Б.Садықов