Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Ақниет елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 583 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 45-403-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қарашада № 3415 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 15 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақниет елді мекенінің әкімшілік шекарасына ауданның арнайы жер қорынан жалпы көлемі 54,2 га жер қосылып, Ақниет елді мекенінің шекарасы өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Парманов

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Жүзенов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б.Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады