Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Созақ ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б.Байғараев |
Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 266 шешімімен бекітілген |
Қ/с | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |