Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 266 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 3251 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 155 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Созақ ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Байғараев

  Созақ аудандық мәслихатының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 266 шешімімен бекітілген

Қ/с

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады