Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 155 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 10 сәуірде № 4515 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1 тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Созақ аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы І.Омарбеков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Байғараев

  Созақ аудандық мәслихатының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 155 шешіміне қосымша

Созақ аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 266 "Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3251 тіркелген, 2015 жылғы 1 тамызда "Созақ-үні" газетінде жарияланған);

      2) Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 9 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3719 тіркелген, 2016 жылғы 7 мамырда "Созақ-үні" газетінде жарияланған);

      3) Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 54 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3954 тіркелген, 2017 жылғы 21 қаңтарда "Созақ-үні" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады