"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 43 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3768 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 218 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.07.2016 № 218 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. А. Гариковке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "26" ақпандағы
№ 43 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды түлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қүрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту.
      14. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеті: Шығыс Қазақстан облысы аумағында халықтың, аумақтар мен елдi мекендердiң қауiптi (зиянды) табиғи және техногендiк, антропогендiк құбылыстар мен процестердiң әсер етуiнен қауiпсiздiгi жөнінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
      2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
      3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
      6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
      7) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажеттi ақпаратты және материалдарды сұрау және алу;
      2) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылуын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған әсер ету шараларын өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолдану;
      5) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады;
      2) "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
      3) барлық мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      4) шарттар жасасады;
      5) сенімхаттар береді;
      6) банк шоттарын ашады;
      7) "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларын және өзге де қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      9) "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және басқа да жұмысшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
      10) "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды, бұл үшін дербес жауапты болады;
      12) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
      22. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 26 февраля 2015 года № 43. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 20 марта 2015 года № 3768. Утратило силу - постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 15 июля 2016 года № 218

      Сноска. Утратило силу - постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 15.07.2016 № 218.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27, пунктом 2 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 17, статьей 164 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 25 августа 2014 года № 898 "О мерах по разграничению полномочий между уровнями государственного управления Республики Казахстан", Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области".
      2. Государственному учреждению "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Гарикова Д.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким области Д. Ахметов

  Утверждено постановлением
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "26" февраля 2015 года № 43

Положение государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственного архитектурно-строительного контроля и лицензирования.
      2. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим положением.
      3. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции, в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области": Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, 070004, город Усть-Каменогорск, улица Казахстан, 27.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области".
      10. Настоящее положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" осуществляется из местного (областного) бюджета.
      12. Государственному учреждению "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области".

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" - формирование полноценной среды обитания и жизнедеятельности человека, устойчивое развитие населенных пунктов и межселенных территорий.
      14. Задача государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" - обеспечение соблюдения установленных законодательством об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности требований по безопасности населения, территорий и населенных пунктов от воздействия опасных (вредных) природных и техногенных, антропогенных явлений и процессов на территории Восточно-Казахстанской области.
      15. Функции:
      1) реализация государственной политики в области архитектуры, градостроительства, строительства, развития производственной базы строительной индустрии;
      2) ведение мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;
      3) осуществление государственного архитектурно-строительного контроля и надзора за качеством строительства объектов, применение установленных Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях административных мер воздействия к нарушителям архитектурно-градостроительной дисциплины на этих объектах;
      4) осуществление лицензирования в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности;
      5) принятие решений о применении к нарушителям предусмотренных законодательных мер в связи с допущенными нарушениями и отклонениями от норм законодательства, государственных нормативных требований, условий и ограничений, установленных в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности;
      6) аттестация экспертов на право осуществления экспертных работ и инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности;
      7) организация и осуществление надзора за качеством проектной документации;
      8) осуществление иных функции, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      2) беспрепятственно посещать и проводить оперативное инспектирование проводимых строительно-монтажных работ на строящихся (реконструируемых, расширяющихся, модернизируемых, капитально ремонтируемых) объектах и комплексах;
      3) выявлять и анализировать причины нарушений государственных нормативов и требований (условий, ограничений), допущенных субъектами архитектурной, градостроительной и строительной деятельности на территории Республики Казахстан;
      4) принимать соответствующие меры воздействия, направленные на устранение нарушений государственных нормативов и требований (условий, ограничений), допущенных субъектами архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, а также их последствий;
      5) разрабатывать мероприятия по совершенствованию форм и методов осуществления государственного архитектурно-строительного контроля и надзора;
      6) осуществлять иные права и обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      18. Руководитель государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Восточно-Казахстанской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      19. Руководитель государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия руководителя государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области":
      1) является главным государственным строительным инспектором Восточно-Казахстанской области;
      2) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области";
      3) представляет интересы государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" во всех государственных органах и иных организациях;
      4) заключает договоры;
      5) выдает доверенности;
      6) открывает банковские счета;
      7) издает приказы и дает указания обязательные для всех работников государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области";
      8) принимает на работу и увольняет с работы должностных лиц и иных работников государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      9) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" и иных работников в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      10) определяет обязанности и круг полномочий сотрудников государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области";
      11) принимает необходимые меры по противодействию коррупции, несет за это персональную ответственность;
      12) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      13) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" имеет на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области", относится к областной коммунальной собственности.
      Имущество государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.