РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы (Қ. Қ. Толеубеков) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "6" мамырдағы №113 қаулысымен бекітілді |
"Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Шығыс Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің актілеріне, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Шығыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
8. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жер қатынастарын тиімді дамытуды қамтамасыз ету, жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану, жерлердің сапалық жағдайын арттыру және мониторингі, облыстың жер қорын бөлу есебін жүргізу, жер учаскелерін ұсынудың айқындығын қамтамасыз ету, жерге орналастыруды жүргізу болып табылады.14. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) жергілікті деңгейде жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау;
2) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігінде қызметін үйлестіру;
3) облыстың экономикалық дамуы мақсатында жерлерді тиімді пайдалану үшін жағдай жасау болып табылады.
15. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
6) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
14) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
17) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
18) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру;
19) облыстың жергiлiктi атқарушы органының аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
20) облыстың жергiлiктi атқарушы органының ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
21) облыстың жергiлiктi атқарушы органының Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
22) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
23) облыстың жергiлiктi атқарушы органының орман қоры жерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
24) облыстың жергiлiктi атқарушы органының Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
25) облыстың жергiлiктi атқарушы органының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды орталық уәкілетті органның келісуіне ұсыну жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
26) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының облыс орталықтарында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi жеке меншiкке берілген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
27) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын (шегiн) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiм бойынша белгiлеу және өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
28) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалардың шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру болып табылады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, мекемелерден, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан, жер телімдері иелерінен және жерді пайдаланушылардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұрау және алу;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, әкімдігінің қарауына енгізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз функцияларын орындауға қажетті өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) заңнамаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
3) "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
4) "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.23. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
24. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.