РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729, 804-баптарына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақта:
5) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:
"5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар:
Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзғаны;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асырғаны;
белгіленбеген орындарда сауда жасағаны;
азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау бөлігінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны;
тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны;
лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін жасау";";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуынмекеменің құзыреті шегінде қамтамасыз ету;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"мекеменің құзыреті шегінде мәселелерді қарау барысында барлық ұйымдарда мемлекет мүдделерін ұсыну;";
16-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қаланың жергілікті атқарушы органына кәсіпкерлікті дамыту, сауда саясатын, қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтаудың, туризмнің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
4) барлық ұйымдарда мекеме мүдделерін ұсынады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
6) заңнамамен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | В. Головатюк |