"Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте № 3482 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "27" тамыздағы
№ 6714 қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, индустрия, экология, сауда және туризм саласындағы әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органы болып табылады.
      2. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзірет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33, индексі 070004.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

2. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың кәсіпкерлік, сауда, туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру үшін жағдай жасау, өндіріс көлемін өсіру жағдайында қаланың экологиялық жағдайында жақсартуды қамтамасыз ету.
      14. мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 13.11.2014 № 8225 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      15. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) кәсіпкер мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобасына сараптама жүргізуге талаптанатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін акредиттеу;
      3) қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
      4) қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық климат үшін жағдайлар құру;
      5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар:
      Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзғаны;
      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асырғаны;
      белгіленбеген орындарда сауда жасағаны;
      азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау бөлігінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны;
      тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны;
      лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін жасау;
      6) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
      7) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуынмекеменің құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
      8) инновациялық қызметтегі кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым нысандарын құру және дамытуды қамтамасыз ету;
      9) құзірет шегінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау қызметін жүзеге асыру;
      10) қала үшін маңызды жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      11) қала аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және үйлестіруді жүзеге асыру;
      12) облыстың жергілікті атқарушы органына беру үшін қала аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды оны жүзеге асыру;
      13) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік потенциалды, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
      13-1) қала аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      13-2) туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;
      13-3) қаладағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;
      14) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтык актілерінің жобаларын әзірлеу, оны ғылыми сараптамаға жолдау;
      15) мекеменің құзыреті шегінде мәселелерді қарау барысында барлық ұйымдарда мемлекет мүдделерін ұсыну;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 13.11.2014 № 8225 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.05.2015 № 11361 қаулыларымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:
      1) қаланың жергілікті атқарушы органына кәсіпкерлікті дамыту, сауда саясатын, қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтаудың, туризмнің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
      2) өз құзіреті шамасында бекітілген заңнамамен белгіленген мерзімінде мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарын сақтаумен ақпарат сұрау және алу;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
      4) мемлекеттік органдармен өткізілетін "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретінің мәселесіне қатысты отырыстарға, жиналыстарға, кеңестерге қатысуға;
      5) облыс және қала әкімдерінің, облыс және қала әкімдері орынбасарларының тапсырмалары мен өкімдерін орындауға;
      6) мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша облыс және қала әкімдігінің қаулыларын, облыс және қала әкімінің өкімдерін орындауға;
      7) мекеме әзірлеуші болып табылған әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар немесе күшін жойды деп тану бойынша шараларды өз уақытында қабылдау;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 26.05.2015 № 11361 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзег асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
      20. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
      3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
      4) барлық ұйымдарда мекеме мүдделерін ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      6) заңнамамен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 26.05.2015 № 11361 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады