РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына, 31-бабына, 211-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкімін орнындау үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы қосымшаға сай бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының | | ||||
Әкімі | Т. Қасымжанов | ||||
|
|
Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.2. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншікке келіп түсу және оларды пайдалану тәртібі
2. Тұлға бағуында болған қараусыз қалған немесе жайылымдағы малды және басқа да үй немесе асыранды жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар қалалық коммуналдық меншiкке түседi және осы Қағидаға сәйкес пайдаланылады.3. Қараусыз қалған жануарларды қалалық коммуналдық меншікке қабылдау, қабылдау-беру актісі негізінде жүргізіледі. Қабылдау-беру актісінде қалалық коммуналдық меншікке келіп түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілуі керек.
Қабылдау-беру актісі жануарларды тапсыратын тұлғаның, ветеринария (бұдан әрі - ветеринария саласындағы уәкілетті орган) және коммуналдық меншікті басқару (бұдан әрі - коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган) саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады.
4. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін, оларды бағалау (қайта бағалау) және қалалық қоммуналдық мүлік тізіліміне енгізу шаралары жүргізіледі. Тізілімге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарлар келесі әдістердің бірмен пайдаланылады:
1) аукцион арқылы сату;
2) сауда ұйымдары арқылы сату;
3) жануарларды қорғайтын мамандандырылған орындарға (ауыл шаруашылығы жануарлары және үй құстарынан басқа) немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру.
6. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әр жағдайда коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті органымен құрылған тұрақты комиссия шешеді. Комиссияның құрамына ветеринария саласындағы уәкілетті органның және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіреді.
3. Жануарларды уақытша ұстау
7. Қалалық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар конкурстық негізде 6 (алты) және одан артық айға шарт негізінде анықталатын жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша ұстау үшін бекітіледі.8. Жануарларды уақытша ұстайтын тұлғамен коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган шарт жасайды. Осы қызмет көрсету түріне мемлекеттік тапсырысты орналастыру мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Жануарларды уақытша ұстайтын тұлғалар анықталған кезде, жайы (қорасы, сарайы), құрал-жабдығы және жұмыс тәжірибесінің бар болуы ескерілуі қажет.
9. Жануарларды уақытша ұстау бойынша шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұстайтын тұлғаға өтеледі. Өтелетін шығынға осы елді мекендегі нарық бағасы бойынша анықталған, зоотехникалық нормаларға негізделген жемнің құны және ұстаушының жалақысы кіреді. Ұстаушының жалақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен және мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлерінің еңбекақы жүйесімен белгіленген мөлшерінен артық болмауы керек.
10. Жануарларды ұстайтын тұлға олардың қырылуы немесе жарамсыз болуында оның кінәсі болған жағдайда, малдың құны мөлшерінде жауаптылықта болады.
11. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды ветеринарлық бақылау және жұқпалы ауруға шалдығуға қарсы вакцинациялау іс-шаралары ветеринария саласындағы уәкілетті органның қадағалауымен жүргізіледі.
Ветеринарлық бақылау және вакцинациалау кезіндегі шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
4. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару
12. Жануарлар қалалық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал немесе өзге де мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде жануарлар комиссияның келісімімен қайтарылуға жатады, келісімге келмеген жағдайда даулар соттың тәртібінде шешіледі.13. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару оларды ұстау кезіндегі шығындарды жергілікті бюджеттің кірісіне өтегеннен кейін орындалады.
14. Егер бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару туралы өтініш түспей тұрып жануарлар басқа меншік иесіне сатылған болса немесе өтеусіз берілсе, жануарларды сатқан кездегі түсім немесе олардың құны бұрынғы меншік иесіне жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі. Бұл ретте жануарларды ұстауға байланысты қаржы қаражатының көлемі шегеріледі.
15. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі және коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган арасында шарт жасаумен ресімделеді.
5. Қорытынды ережелер
16. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіпте жергілікті бюджеттің кірісіне есептелінеді.17. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату және өтеусіз беру бойынша шығындар Өскемен қаласының бюджетінде тиісті қаржы жылына қарастырылған қаражаттың шегінде жүзеге асырылады.