Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі N 11995 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 4104 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қазандағы N 13203 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 09.10.2015 № 13203 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына, 31-бабына, 211-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкімін орнындау үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      

Өскемен қаласының
 
Әкімі
Т. Қасымжанов
 

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13.07
№ 11995 қаулысымен бекітілді

Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншікке келіп түсу және оларды пайдалану тәртібі

      2. Тұлға бағуында болған қараусыз қалған немесе жайылымдағы малды және басқа да үй немесе асыранды жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар қалалық коммуналдық меншiкке түседi және осы Қағидаға сәйкес пайдаланылады.
      3. Қараусыз қалған жануарларды қалалық коммуналдық меншікке қабылдау, қабылдау-беру актісі негізінде жүргізіледі. Қабылдау-беру актісінде қалалық коммуналдық меншікке келіп түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілуі керек.
      Қабылдау-беру актісі жануарларды тапсыратын тұлғаның, ветеринария (бұдан әрі - ветеринария саласындағы уәкілетті орган) және коммуналдық меншікті басқару (бұдан әрі - коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган) саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады.
      4. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін, оларды бағалау (қайта бағалау) және қалалық қоммуналдық мүлік тізіліміне енгізу шаралары жүргізіледі. Тізілімге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
      5. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарлар келесі әдістердің бірмен пайдаланылады:
      1) аукцион арқылы сату;
      2) сауда ұйымдары арқылы сату;
      3) жануарларды қорғайтын мамандандырылған орындарға (ауыл шаруашылығы жануарлары және үй құстарынан басқа) немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру.
      6. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әр жағдайда коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті органымен құрылған тұрақты комиссия шешеді. Комиссияның құрамына ветеринария саласындағы уәкілетті органның және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіреді.

3. Жануарларды уақытша ұстау

      7. Қалалық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар конкурстық негізде 6 (алты) және одан артық айға шарт негізінде анықталатын жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша ұстау үшін бекітіледі.
      8. Жануарларды уақытша ұстайтын тұлғамен коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган шарт жасайды. Осы қызмет көрсету түріне мемлекеттік тапсырысты орналастыру мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Жануарларды уақытша ұстайтын тұлғалар анықталған кезде, жайы (қорасы, сарайы), құрал-жабдығы және жұмыс тәжірибесінің бар болуы ескерілуі қажет.
      9. Жануарларды уақытша ұстау бойынша шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұстайтын тұлғаға өтеледі. Өтелетін шығынға осы елді мекендегі нарық бағасы бойынша анықталған, зоотехникалық нормаларға негізделген жемнің құны және ұстаушының жалақысы кіреді. Ұстаушының жалақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен және мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлерінің еңбекақы жүйесімен белгіленген мөлшерінен артық болмауы керек.
      10. Жануарларды ұстайтын тұлға олардың қырылуы немесе жарамсыз болуында оның кінәсі болған жағдайда, малдың құны мөлшерінде жауаптылықта болады.
      11. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды ветеринарлық бақылау және жұқпалы ауруға шалдығуға қарсы вакцинациялау іс-шаралары ветеринария саласындағы уәкілетті органның қадағалауымен жүргізіледі.
      Ветеринарлық бақылау және вакцинациалау кезіндегі шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

4. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

      12. Жануарлар қалалық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал немесе өзге де мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде жануарлар комиссияның келісімімен қайтарылуға жатады, келісімге келмеген жағдайда даулар соттың тәртібінде шешіледі.
      13. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару оларды ұстау кезіндегі шығындарды жергілікті бюджеттің кірісіне өтегеннен кейін орындалады.
      14. Егер бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару туралы өтініш түспей тұрып жануарлар басқа меншік иесіне сатылған болса немесе өтеусіз берілсе, жануарларды сатқан кездегі түсім немесе олардың құны бұрынғы меншік иесіне жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі. Бұл ретте жануарларды ұстауға байланысты қаржы қаражатының көлемі шегеріледі.
      15. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі және коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган арасында шарт жасаумен ресімделеді.

5. Қорытынды ережелер

      16. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіпте жергілікті бюджеттің кірісіне есептелінеді.
      17. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату және өтеусіз беру бойынша шығындар Өскемен қаласының бюджетінде тиісті қаржы жылына қарастырылған қаражаттың шегінде жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность города Усть-Каменогорска

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 13 июля 2015 года № 11995. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 13 августа 2015 года № 4104. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 09 октября 2015 года № 13203

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 09.10.2015 № 13203 .
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, подпунктом 22) статьи 18, статьей 31, подпунктом 4) пункта 2 статьи 211 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государстенном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", во исполнение распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 апреля 2011 года № 49-р "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Правила поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность города Усть-Каменогорска, согласно приложению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      

Аким города
 
Усть-Каменогорска
Т. Касымжанов
 

  Утверждены
постановлением акимата
города Усть-Каменогорска
от "13" 07 2015 года № 11995

Правила поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность города Усть-Каменогорска
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и определяют порядок использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность.

2. Порядок поступления животных в городскую коммунальную собственность и их использования

      2. При отказе лица от приобретения в собственность содержащихся у него безнадзорного или пригульного скота и других домашних или прирученных животных, они поступают в городскую коммунальную собственность и используются в соответствии с настоящими Правилами.
      3. Поступление безнадзорных животных в городскую коммунальную собственность осуществляется на основании акта приема-передачи. В акте приема-передачи должны быть указаны вид, пол, масть, возраст животных, поступающих в городскую коммунальную собственность. Акт приема-передачи составляется при участии лица, передающего животных, ответственных сотрудников исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, уполномоченных на осуществление функций в области ветеринарии (далее - уполномоченный орган в области ветеринарии) и управления коммунальной собственностью (далее-уполномоченный орган по управлению коммунальной собственностью).
      4. Для дальнейшего использования животных, поступивших в городскую коммунальную собственность, производится их занесение в перечень городского коммунального имущества и оценка (переоценка). Работы по занесению в перечень и оценке (переоценке) осуществляет уполномоченный орган по управлению коммунальной собственностью в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан.
      5. Животные, поступившие в городскую коммунальную собственность, используются одним из следующих способов:
      1) продажа через аукцион;
      2) продажа через торговые организации;
      3) безвозмездная передача специализированным местам защиты животных (за исключением сельскохозяйственных животных и домашних птиц) или отдельным лицам.
      6. Способ дальнейшего использования животных, поступивших в городскую коммунальную собственность, в каждом случае решает постоянная комиссия, созданная уполномоченным органом по управлению коммунальной собственностью. В состав комиссии включаются представители уполномоченного органа в области ветеринарии и других заинтересованных органов.

3. Временное содержание животных

      7. Животные, поступившие в городскую коммунальную собственность, закрепляются для временного содержания за физическими лицами, либо юридическими лицами, определяемыми на конкурсной основе, на срок до 6 (шести) и более месяцев на основе договора.
      8. Договор с лицом, временно содержащим животных, заключается уполномоченным органом по управлению коммунальной собственностью. Размещение государственного заказа на данный вид услуг производится в соответствии с законодательством о государственных закупках. При определении лиц, у которых будут временно содержаться животные, должны быть учтены наличие помещения (хлев, двор), оборудования и опыта работы.
      9. Расходы по содержанию животных компенсируются содержащему лицу за счет средств местного бюджета. В компенсационный расход включаются стоимость корма, определенная по рыночной цене в данном населенном пункте, основанная на зоотехнических нормах и заработная плата содержащего. Размер заработной платы содержащего должен быть не менее минимального размера заработной платы, установленной законодательством Республики Казахстан и не более размера, установленного системой оплаты труда работников государственных юридических лиц.
      10. Лицо, содержащее животных, в случае его вины в их падеже и непригодности, несет ответственность в размере стоимости животного.
      11. Ветеринарный контроль и мероприятия по вакцинации против инфекционных заболеваний животных, поступивших в городскую коммунальную собственность, осуществляется под надзором уполномоченного органа в области ветеринарии. Расходы по ветеринарному контролю и вакцинации финансируются за счет средств местного бюджета.

4. Возврат животных прежнему собственнику

      12. В случае явки прежнего собственника животных после их перехода в городскую коммунальную собственность, животные подлежат возврату при наличии обстоятельств, свидетельствующих о сохранении прежнему собственнику привязанности со стороны животных или о жестоком либо ином ненадлежащем обращении с ними нового собственника с согласия комиссии, при недостижении согласия споры решаются в судебном порядке.
      13. Возврат животных осуществляется после возмещения прежним собственником расходов, связанных с их содержанием, в доход местного бюджета.
      14. В случае, если животные проданы либо безвозмездно переданы другому собственнику до поступления заявления об их возврате от прежнего собственника, выручка от продажи животных или их стоимость возмещается за счет средств местного бюджета прежнему собственнику. При этом вычитывается объем финансовых средств, связанных с содержанием животных.
      15. Возврат животных или возмещение стоимости оформляется договором, заключаемом между прежним собственником и уполномоченным органом по управлению коммунальной собственностью.

5. Заключительные положения

      16. Средства от продажи животных в порядке, определяемом законодательством, засчитываются в доход местного бюджета.
      17. Расходы по учету, оценке, продаже и безвозмездной передаче животных осуществляются в пределах средств, предусмотренных в бюджете города Усть-Каменогорска на соответствующий финансовый год.