2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы N 13613 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 желтоқсанда № 4247 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № 4 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 18.01.2016 N 14471 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      16) ұзақ уақыт (алты айдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      17) зейнеткерлік жасқа жетуіне дейін елу жастан асқан адамдар;
      18) халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сай кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған жұмыссыздар;
      19) жалғыз тұратын адамдар;
      20) асырауында кәмелеттік жасқа толмаған екі және одан да көп балалары бар адамдар;
      21) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 18.01.2016 N 14471 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Өскемен қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.М. Исқақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Т. Касымжанов

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Усть-Каменогорска, на 2016 год

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 09 ноября 2015 года N 13613. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 02 декабря 2015 года N 4247. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 21 апреля 2016 года № 4

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 21.04.2016 № 4.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие целевые группы населения, проживающие на территории города Усть-Каменогорска, на 2016 год:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати девяти лет;
      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати девяти лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя –юридического лица либо прекращением деятельности работодателя – физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      14) лица, потерпевшие от акта терроризма, и лица, участвовавшие в его пресечении;
      15) исключен постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 18.01.2016 № 14471 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      16) лица, не работающие длительное время (более шести месяцев);
      17) лица старше пятидесяти лет до достижения пенсионного возраста;
      18) безработные, завершившие профессиональное обучение по профессиям (спецальностям), согласно законодательству о занятости населения;
      19) лица, одиноко проживающие;
      20) лица, имеющие на иждивении двух и более несовершеннолетних детей;
      21) выпускники организаций технического и профессионального образования.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 18.01.2016 № 14471 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Усть-Каменогорска" и коммунальному государственному учреждению "Центр занятости" акимата города Усть-Каменогорска обеспечить временную занятость лиц, отнесенных к целевым группам населения, и содействие в их трудоустройстве.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Искакова А.М.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Усть-Каменогорска Т. Касымжанов