Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 13613 "2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 14471 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 ақпанда № 4398 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігінің 27.06.2016 N 924 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 924 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 13613 "2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4247 тіркелген, 2015 жылғы 23 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы "Дидар", 2015 жылғы 25 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      2), 3) тармақшалар келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;";
      15) тармақша жойылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады