Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 18.01.2019 № 34/227-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 28 мамырда № 5-2-130 болып тіркелген, "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 22 сандарында жарияланған) шешімі;
2) "Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы" Семей қаласы мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 4/28-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 17 мамырда № 5-2-162 болып тіркелген, "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 41 сандарында жарияланған) шешімі.
3. "Семей қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/194-V шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Рахымғалиев |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Ақжалов |
Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 37/200-V шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің
ережесі
Осы Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесі (одан әрі - Ереже) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулыларына, "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 7412 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшерін және оны көрсетудің тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 10.06.2016 № 3/31-VI шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме уәкілетті органымен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
2. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерiн тұтынуға, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін осы мақсаттарға жұмсаған, белгiленген шығыстардың шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне 7% көлемінде белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегі жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін көрсетіледі.
Көмірдің құнын есептеу үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі деректерінің негізінде Семей қаласы бойынша орташа бағалар пайдаланылады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, немесе оның сенімхат бойынша өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына тоқсан сайын өтініш береді және "Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 10.06.2016 № 3/31-VI шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен айқындалған.
6. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға, энергиямен қамтуға, газбен қамтуға, жедел сатыларға және домофондарға қызмет көрсетуге, сумен қамтуға, суды бұруға, жылу энергиясына, тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, телекоммуникация қызметтеріне арналған шығындар қызмет көрсетушілер тарифтері бойынша өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орта есеппен ескеріледі.
7. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығыстар алдындағы тоқсандағы нақты шығындар бойынша белгіленген тарифтер шегінде айқындалады.
8. Ағымдағы тоқсанға тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсан бойында қабылданған өтініштер бойынша тағайындалады.
9. Орталықтандырылған жылу қосылған үйлерде ыстық сумен қамтылмаған жағдайда ыстық су үшін төлем мөлшері электр энергиясы үшін есептелген сомадан әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеп шығарылады.
10. Жергілікті жылуы бар жеке үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет тоқсан үшін тағайындалады.
11. Меншік құқығында бір бірліктен артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын үйді жалға беретін;
зейнеткерлерден, мүгедектерден, 18 жасқа дейінгі балалардан;
50 жасқа толған тұлғалардан;
1-2 топтағы мүгедектерді, 80 жастан асқан тұлғаларды, 7 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған, 18 жасқа дейін мүгедек балаларды күтіп–бағатын тұлғалардан басқа
құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген адамдары бар отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
12. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалары, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алатын балалары, тұл жетімдер, қорғаншылықтағы тұлғалар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептеу барысында табысы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамалық актісімен тиісті мерзімге белгіленетін екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (азайтылады).
13. Алушы негізсіз алынған тұрғын үй көмегінің сомасын еркін түрде, ал одан бас тартқан ретте заңнамамен белгіленген тәртіппен кері қайтарады.
3. Әлеуметтік нормалар және нормативтер
14. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу барысында мынадай:
1) ауданының:
жалғызбасты азаматтар үшін – 35 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
екі адамнан тұратын отбасы үшін – 51 шаршы метр;
үш және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін – отбасының әр мүшесіне шаққанда 18 шаршы метр;
2) орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың болуы немесе болмауына қарамай, бірақ бір отбасына айына 8 килограмнан аспайтын мөлшерде, бір адамға айына газ шығыстары;
3) айына тұтынған электр энергиясы:
электр плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратын бір адамға – 100 кВт, бірақ отбасына 250 кВт-тан артық емес;
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратын бір адамға – 70 кВт, бірақ отбасына айына 150 кВт-тан артық емес;
4) кондоминиум объектісін басқару нысанына қарамастан, тұрғын үйді ұстау үшін, ай сайынғы жарна мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес белгіленеді;
5) жеке үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің 129,8 кг., бірақ бір үйге 5000 кг. аспайтын нормалары ескеріледі.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
15. Тұрғын үй көмегі төлемдерінің қаржыландырылуы қала бюджетінің тиісті қаржы жылына қаралған қаражаты шегінде жүргізіледі.
16. Тұрғын үй көмегінің төлемдері алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
5. Қорытынды ережелер
17. Осы Ережемен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.