Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 18.01.2019 № 34/227-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 37/200-V "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3803 болып тіркелген, 24 сәуірдегі 2015 жылғы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 "Семей таңы" және 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесінде:
кіріспесінде ""Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185," сөздері алып тасталсын;
4 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, немесе оның сенімхат бойынша өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына тоқсан сайын өтініш береді және "Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы | М. Көкрекбаев |
Қалалық мәслихат | |
хатшысы | Б. Ақжалов |