РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, барлық кандидаттар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентігіне үміткерлерге Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Абай ауданының ауылдық округтер әкімдері жалпы пайдаланымдағы жерлерде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың жабдығын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Т. Мүсәпірбеков |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Абай аудандық аумақтық сайлау | |
комиссиясының төрағасы | Т. Ерденбеков |
"20" 03 2015 жыл
Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 896 қаулысымен бекітілді |