Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Күші жойылды деп танылсын:
1) "2015 жылға Абай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 832 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 06 ақпанында 3669 нөмірімен тіркелген, "Абай елі" газетінде № 6 (318) 8 - 14 ақпан 2015 жылғы нөмірінде жарияланған);
2) "2015 жылы Абай ауданының аумағында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 833 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 06 ақпанында 3670 нөмірімен тіркелген, "Абай елі" газетінде № 6 (318) 8 - 14 ақпан 2015 жылғы нөмірінде жарияланған);
3) "Абай ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 921 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 18 мамырында 3948 нөмірімен тіркелген, "Абай елі" газетінде № 20 (332) 24 - 31 мамыр 2015 жылғы нөмірінде жарияланған);
4) "Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерге Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 896 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 31 наурызында 3791 нөмірімен тіркелген, "Абай елі" газетінде № 12 (324) 23-31 наурыз 2015 жылғы нөмірінде жарияланған).
Аудан әкімі | Т.Мүсәпірбеков |