Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.06.2019 № 36/2-VІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қиғидаларын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3455 болып тіркелген, 2014 жылғы 25-31 тамызда "Абай елі" газетінің № 30 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:
"Алтын алқа" алқасымен, І мен ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға – 10 000 теңге;
"Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға – 10 000 теңге;
төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – 10 000 теңге;
2) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан:
басқа мемлекеттердiң аумақтарында ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 60 000 тенге:
Ауғанстанда немесе әскери іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттерде қызмет атқару кезінде жаралану, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болып қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің жанұяларына – 60 000 теңге;
3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 25 000 теңге;
4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 160 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталғандарға – 10 000 теңге;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға – 24 000 теңге.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Белібаев |
Абай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Т. Аманғазы |