"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 29/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 4063 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.06.2019 № 36/2-VІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қиғидаларын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3455 болып тіркелген, 2014 жылғы 25-31 тамызда "Абай елі" газетінің № 30 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
       9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
      1) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:
      "Алтын алқа" алқасымен, І мен ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға – 10 000 теңге;
      "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға – 10 000 теңге;
      төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – 10 000 теңге;
      2) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан:
      басқа мемлекеттердiң аумақтарында ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 60 000 тенге:
      Ауғанстанда немесе әскери іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттерде қызмет атқару кезінде жаралану, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болып қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің жанұяларына – 60 000 теңге;
      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 25 000 теңге;
      4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 160 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталғандарға – 10 000 теңге;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға – 24 000 теңге.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Белібаев
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады