РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Байахметов |
Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "16" ақпандағы № 126 қаулысымен бекітілген |
"Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады, Аягөз ауданы аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт саласына басшылықты жүзеге асырады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 070200, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай Бульвары көшесі, 12.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметiн каржыландыру Аягөз ауданының жергiлiктi бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.15. Бөлімнің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды;
2) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, топтық-тектiк және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiкке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
3) мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның беделін нығайтады, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды;
4) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;
5) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту;
6) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
7) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
8) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу.
16. Бөлімнің функциялары:
1) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) ауданның, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
3) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
4) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;
5) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
6) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
7) бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
8) аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
9) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
10) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
11) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
12) спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
13) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
14) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
15) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
16) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
17) спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi және олардың халыққа қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi;
18) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
19) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
21) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аягөз ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
6) Аягөз ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік органның құзырына қарайтын мекемелердің тізілімі
1) "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;2) "Аягөз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Аягөз аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;